Артезиан аквиферден алынатын судың табиғи құрамы мен қасиеттерін сақтау мақсатында Arnna Minerals зауыты су көзінің дәл жанында салынған және жоғары технологиялық жабдықпен қамтылған. «Miglior» табиғи суының тұжырымдамасы өндіріс үдерісін толық автоматтандыруға негізделеді, ол бастапқы өнімнің сапасына қоршаған ортаның болмашы әсеріне де жол бермейді.
«Miglior» артезиан суын бүкіл әлемге жеткізетінімізді мақтан тұтамыз. Бұл судың әр тамшысы өте құнды және пайдалы минералдарға толы. Шығыс Қазақстанның тауларында ұзақ 40-жыл бойы аққан Miglior суы салқын әрі балғын дәмді. Су көзі Алтай шыңдары мен Сауыр-Тарбағатай қорығының түйіспесінде орналасқан. Сіздің кез-келген жерде және кез-келген уақытта Miglior табиғи минералды суының дәмінен ләззат алуыңыз үшін біз суды тікелей су көзінен аламыз.
.